- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақстан халқына" қорына...
"Қазақстан халқына" қорына жыл басынан бері қанша қаражат түскен?
"Қазақстан халқына" қорына осы уақытқа дейін қанша қаржы түскені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қор құрылған уақыттан бері ірі компаниялардан, жеке қайырымдылық қорлары мен ұйымдардан, меценаттар мен жеке тұлғалардан 155,2 миллиард теңге қаражат келіп түсті, соның ішінде жыл басынан бері 23,8 миллиард қаражат түсті", - делінген қордың Massaget.kz тілшісінің ресми сауалындағы жауапта.
Айта кетейік, Қазақстан халқына қоры мемлекеттік қолдау шараларынан тыс өмірдің негізгі салаларындағы қазақстандықтардың нақты мәселелерін шешуге бағытталған.
Қор денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында қайырымдылық көмек көрсетіп тұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина