Абай облысына қарасты Әуезов кентінің халқы спортзалды болды. Жоба "Қазақстан халқы" қоры мен жеке кәсіпкердің бастамасымен жүзеге асып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қор басшысы Жәмішов Болат, бұл жасалып жатқан жұмыстың бір сарасы екенін атап өтті. Өңірде бұдан бөлек жүздеген жоба жоспарда көрінеді.
"Моно елді мекендердеге арналған бұл спортзал үлгісі уақыт талабына сай тың жоба болып табылады. Біздің қоғамдық қор мен Бақыршық кен өндірісінің кәсіпкерімен ынтымақтастығымен іске асырылуда. Соңғы 2 жыл ішінде тағы жиырма шақты спорт залдарын салу жоспарда. Онымен қоса жүзден аса 100 спорт кешенін жабдықтамақпыз" – деді "Қазақстан халқына" қорының бастығы Жәмішов Болат.
Игі іске себепші болған өндіріс басшысы да бұдан бөлек атқарылып жатқан жұмыстар легімен бөлісті.
"Жарма ауданына өндіріс тарапынан көрсетіліп жатқан кем де емес. Біздің тарап елді мекеннің спорттық нысандары мен шараларын белсенді түрде қолдап келеді. Өңірде ұлттық спортқа деген қызығушылық артуына байланысты көкпар сияқты додаларды ұйымдастырып келеміз. Одан бөлек балалар хокейіне демеу бар. Біздегі басты мақсат елдің инфрастуруктасын көтеруге жағдай жасап, балаларды спортқа бейімдеуге себепші болу", - деді өндіріс басшысы Кенбеийл Исаев.
Аталмыш кешеннің жабын тасын төсеу, коммуналдық реттеуге қатысты алпыс миллион теңгедей шығынын БКӨК көтерген. Ал аталмыш спорт кешені ендігі таңда Жарма өңірінің балансына өтпек.