Қазақстан халқы табысының 50 пайызын тамаққа жұмсайтын елдер қатарына кірді

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 2015-2022 жылдар аралығында халықтың тамақ өнімдеріне жұмсайтын тұтыну шығындарының үлесі 43,8 пайыздан 51,2 пайызға өскен. Ал ақылы қызметтер үлесі 23,8 пайыздан 18,4 пайызға азайған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Атамекен" сараптамалық қызметіне сілтеме жасап. 

АҚШ АШМ Экономикалық зерттеулер қызметінің 2021 жылғы деректері бойынша, "үйде тұтынылатын алкогольсіз сусындарды қоса алғанда, азық-түлікке жұмсалатын тұтыну шығыстарының үлесі" көрсеткіші бойынша Қазақстан зерттеуге енгізілген 104 елдің ішінде 98-орында.

Бұл көрсеткіш бойынша көшбасшылар: АҚШ (6,7 пайыз), Сингапур (8,4) және Ұлыбритания (8,7). Антилидерлер: Кения (56,1), Мьянма (56,5) және Нигерия (59,0).

Сарапшылар Энгель заңына сәйкес, халықтың табысы өскен сайын азық-түлік шығындарының үлесі азайып, қызмет көрсету шығындарының үлесі айтарлықтай өсетінін атап өтті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!