Қазақстан халқы өзінің даналығының арқасында бірге - Назарбаев

Қазақстан халқы өзінің даналығының арқасында бірге - Назарбаев
Фото: tn.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінде Қазақстан халқының өзінің даналығының арқасында бірге екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, әрбір халық бірлікті бағалап, сақтай білген уақытқа дейін тірі әрі ұлы болады. 

"Қазақстан халқы өзінің даналығының арқасында бірге. Халықтың даңқы да, күші де достықта, өзара түсіністікте, келісім мен бірлікте, толеранттылықта. Бұл біздің ел енгісі келетін дамыған 30 елдің ең жоғарғы құндылығы. Осы абыройлы мақсат үшін біз "Қазақстан - 2050" Стратегиясын жүзеге асырып жатырмыз және Бес институционалдық реформаны іске асыруға көштік. Ұлтымыздың Жоспары - Қазақстанды модернизациялау бойынша 100 қадам барлық қазақстандықтың өмір сүруіне ұлттық немесе діни ерекшелігінен тәуелсіз түрде лайықты жағдайды жасауға бағытталған", - деді Қазақстан Президенті. 

Мемлекет басшысы біздің елдің Діни көшбасшылардың кеңесінің Әлемдік және дәстүрлі діндер съездерінің идеялары мен шешімдерінің дамуы бойынша жұмысына қолдау білдіретінін атап өтті.

Еске салайық, 10 маусымда Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі басталды, оның басты тақырыбы ретінде "Бейбітшілік және даму жолындағы діни және саяси қайраткерлердің үнқатысуы" болып белгіленді.

М. Бисембаева