“Қазақстан халқы мақтан тұтады“. Тоқаев Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

“Қазақстан халқы мақтан тұтады“. Тоқаев Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады
Фото: ҚТФ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл - Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге", - делінген құттықтауда.

Елена Рыбакина: US Open финалына дейінгі жол

Еске салайық, қазақстандық теннисші турнирді америкалық Ти Фродинді жеңуден бастады. Одан кейін Испания өкілі Джессика Боусас Манейроны, украиналық Юлия Стародубцеваны және жапониялық Наоми Осаканы жарыс жолынан шығарды.

Ширек финалда Елена Рыбакина Қытай өкілі Чжэн Циньвэньді жеңіп, WTA рейтингінде бірінші орынға шығатынына кепілдік алды. 14 қыркүйекте Қазақстан тарихында алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанған теннисші болады.

Жартылай финалда әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілуін қамтамасыз еткен Рыбакина америкалық Коко Гауффты сенімді түрде жеңді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина 2022 жылы Уимблдонда топ жарған. Ал 2026 жылғы қаңтарда Australian Open турнирінің жеңімпазы атанды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget