Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақораға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 2024 жылы 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз