Тұрмыстық зорлық-зомбылықты құқықтық тұрғыда талдап жүрген феминист Айгерім Құсайынқызы құрбанды кінәлау тек Қазақстанда ғана емес, барлық жерде бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тұрмыстық зорлық-зомбылық жарияланбаған жағдайда әйелді кінәлау құқықта виктимблейминг деп аталады. Бүкіл дүние құрбанның өзін кінәлаудан шығады. Ол туралы Мұхтар Әуезовтің өзі "Қорғансыздың күні" шығармасынан бастап жазған, ол ғана емес бүкіл қазақ әдебиеті, тіпті әлем әдебиеті де тұнып тұрған виктимблейминг. Неліктен? Себебі әлсізді, кішкентайды кінәлау өте оңай. Зәбір көрген адамды кінәламауымыз керек. Қол көтерген адам кінәлі. Зорлық-зомбылық көрген адамға неге сен үндемей қалдың деу орынсыз", - деді ол Жанерке Сейфуллинаның YouTube арнасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!