Қазақстан етті қайда экспорттап жатыр?

Қазақстанда ет өндірісі артып келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өндіріс бойынша көрсеткіш қандай?

Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметіне сүйенсек, 2025 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша елімізде 213 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 34-інде сою цехтары бар, ал 179-ы - шағын және орта кәсіпорындар.

2025 жылдың алғашқы үш айында ет өндірісі 2,8%-ға, қосалқы өнімдер 20%-ға, шұжық өнімдері 12,6%-ға, ет консервілері 34,6%-ға артқан.

Экспорт бойынша көрсеткіш қандай?

Ет өнімдері экспорты да айтарлықтай өскен. 2024 жылы 22,1 мың тонна сиыр еті, 17,5 мың тонна қой еті экспортталған.

Негізгі экспорт бағыттары мына елдер:

  • Өзбекстан - 20,7 мың тонна сиыр еті және 13,9 мың тонна қой еті,
  • БАӘ - 1,2 мың тонна қой еті,
  • Иран - 1,2 мың тонна қой еті.

2025 жылдың алғашқы екі айында сиыр және қой етінің экспорты 2 есеге, шұжық өнімдерінің экспорты 2,7%-ға, ет консервілерінің экспорты 3,6 есеге артқан.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы ет бағасы туралы жазған едік. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!