Қазақстан ерікті түрде мұнай өндіруді қысқартады

Қазақстан ерікті түрде мұнай өндіруді қысқартады
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстан мұнай өндірісін күніне 82 мың баррельге қосымша ерікті қысқартуды ұзартты. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, болашақта нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында өндірістің бұл қосымша көлемі нарықтық жағдайға байланысты біртіндеп қайтарылады.

"Қазақстан ОПЕК+ қатысушы кейбір елдермен үйлесе отырып, 2024 жылдың екінші тоқсанына өндірісті күніне 82 мың баррельге қосымша ерікті қысқартуды ұзартады. Осылайша, 2024 жылы маусымның соңына дейін Қазақстанда өндіру тәулігіне 1468 баррель болады. Болашақта нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында өндірістің бұл қосымша көлемі нарықтық жағдайға байланысты біртіндеп қайтарылатын болады.

Бұл ерікті қысқартуды Қазақстан бұрын 2023 жылы сәуірде жариялаған, 2024 жылы желтоқсанның соңына дейін созылатын өндірісті күніне 78 баррельге өз еркімен қысқартуға қосымша болып табылады", - делінген хабарламада

Бұл қосымша ерікті қысқарту мұнай нарықтарының тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтау мақсатында ОПЕК+ елдерінің сақтық шараларын күшейтуге арналған. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза - 2024. Сәресіне тұрмай ораза ұстауға бола ма?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә