Қазақстан еркін ауытқу бағамына өтті

Қазақстан еркін ауытқу бағамына өтті
Фото: tn.kz

Қазақстан еркін ауытқу бағамына өтті. Мұндай шешімді ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық банк пен Үкімет 2015 жылдың 20 тамызынан бастап инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы шешім қабылдады", - деді премьер-министр Кәрім Мәсімов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, теңгенің айырбас бағамы нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларын есепке алу негізінде құрылады.  

"Бұл дегеніміз айырбас бағамының әлсіреуіне де, нығаюына да алып келуі мүмкін деген сөз, ол әлемдік экономикасы мен ішкі валюта нарығындағы жағдайға байланысты анықталып отырады", - деп түсіндірді Мәсімов.

Оның айтуынша, Ұлттық банк айырбас бағамының нарықтағы деңгейінің құрылуына араласпайды, алайда ол қаржы жүйесіндегі тұрақсыздық қаупі туындаған жағдайда валюталық интервенция өткізу жолымен ішкі валюталық нарыққа қатысу құқығын алады.

"Айырбас бағамының мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асырылатын нарықтағы сұранысы мен ұсынысы экономикалық дамуды қайта құруға, кредиттік және инвестициялық белсенділіктің жоғарылуына, 3-4 пайызға дейін ұзақ мерзімді перспективада жаңа жұмыс орындарын ашуға қажетті мүмкіндіктерді туғызады", - деді Мәсімов.

Министрлер кабинетінің басшысы инфляциялық таргеттеу режиміне негізделген жаңа ақша-кредит саясатының жүзеге асырылуының экономикалық саясаттың стратегиялық мәселелерін (отандық экономиканық ұзақ мерзімді тұрақты дамуына қол жеткізуге, инфляцияның төмен деңгейіне, ел халқының жұмыспен қамтылуының және жағдайының деңгейін көтеруге) шешуге қолғабыс болатынын атап өтті.   

Ол Үкіметтің және Ұлттық банктің халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын қолдау бойынша және бағаның , әсіресе маңызды азық-түлік пен қызметтердің бағасының негізсіз өсуін болдырмау бойынша шараларды жүргізетінін айтты.

М. Бисембаева