Қазақстан ер мен әйел теңдігі бойынша қай орында екені анықталды

Қазақстан ер мен әйел теңдігі бойынша қай орында екені анықталды
Фото: depositphotos.com

2023 жылы Қазақстан гендерлік теңдік индексі бойынша 146 елдің арасында 62-орында болды (бір жыл бұрын 65-орын болған). ҚР индексі максимум 1 балдан 0,721 балл болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әлем бойынша үздік көрсеткіштер Исландия (0,912 балл), Норвегия (0,879 балл), Финляндия (0,863 балл), Жаңа Зеландия (0,856 балл) және Швецияда (0,815 балл).

ТМД елдері арасында Беларусь (41-орын), Армения (61-орын) және Қазақстан мен Украина (66-орын) үздік орындарға ие. Одан кейін үлкен айырмашылықпен Қырғызстан (84-орын), Әзербайжан (97-орын) және Тәжікстан (111-орын) тұр.

Әйелдер үшін ең нашар елдер - Алжир, Чад және Ауғанстан.

Индекс жыл сайын гендерлік тепе-теңдіктің қазіргі жай-күйі мен эволюциясын төрт негізгі өлшем бойынша бағалайды: экономикалық қатысу және мүмкіндіктер, білім деңгейі, денсаулық пен өмір және саяси мүмкіндіктер.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина