- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан электр энергиясын...
Қазақстан электр энергиясын көп тұтынатын елдер қатарына кіреді
Қазақстан электр энергиясын көп тұтынатын елдер қатарына кіреді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Our World in Data мәліметінше, Қазақстан энергияны өте көп тұтынады. 2022 жылы жан басына шаққанда 44,7 мың кВт∙сағ болған. Бұл - әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Ал дүниежүзілік орташа көрсеткіш жан басына шаққанда 21 мың кВт∙сағ, Еуропа елдерінде 38,2 мың кВт∙сағ, Азия елдерінде 19,1 мың кВт∙сағ.
ТМД және Орта Азия елдері арасында энергия тұтыну деңгейі ҚР-мен салыстырғанда Түрікменстанда (жан басына шаққанда 71,4 мың кВт∙сағ) және Ресейде (55,5 мың кВт∙сағ) жоғары, Беларусьте (31,1 мың кВт∙сағ) айтарлықтай төмен.
Сонымен қатар, Қазақстанда электр қуатының бағасы төмен. World Population Review мәліметінше, биыл республикада 1 кВт∙сағ электр энергиясының құны небәрі 0,05 АҚШ доллары, яғни 23 теңге шамасында болды.
Қырғызстанда (кВт∙сағ үшін 0,01 АҚШ доллары), Өзбекстанда (0,03 АҚШ доллары), Украинада (0,04 АҚШ доллары), Әзербайжанда (0,05 АҚШ доллары) және Ресейде (0,06 АҚШ доллары) тарифтер де төмен. Көрсеткіштер Беларусьте (0,09 АҚШ доллары), Арменияда (0,1 АҚШ доллары) және Молдовада (0,12 АҚШ доллары) айтарлықтай жоғары.
Әлемдегі электр энергиясы ең қымбат елдер - Дания (0,53 АҚШ доллары), Германия (0,52 АҚШ доллары) және Ұлыбритания (0,47 АҚШ доллары), бұл елдерде Қазақстанға қарағанда 11, 10 және 9 есе жоғары.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова