Қазақстан ЭКСПО-2017 кезеңінде коммерциялық қызметтерден 500 мың еуро табыс түсірмек

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының болжамынша, көрме аумағындағы коммерциялық қызметтерден келетін табыс 500 мың еуродан асуы мүмкін.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында осы бағдарламаны ұлттық компанияның коммерциялау департаментінің өкілдері хабарлады.

Аталған департамет директорының орынбасары Илья Оразақовтың айтуынша, бұл тұрғыда шағын және орта бизнесті тарту арқылы 25-30  қызмет көрсету бағыттары қамтылмақ. Осы орайда төлем жүйелері, дәріханалар, экскурсия, Қазақстан бойынша сапарлар, сән салондары, типографиялар, дизайндық қызметтер, заңгерлік кеңестер және басқа да қызмет түрлері іске қосылады деп күтілуде.

«Осының алдындағы жобаларға жасалған талдауға сүйенсек, көрме алаңында бір адам 4-7 сағат аралығында уақыт өткізеді. Біздегі көрменің аумағында  25 гектар алаңдағы көрме кешенін аралап шығады. Бұл уақытта әрбір адамға қызмет көрсету және оның қажеттіліктерін қамтамасыз ету қамтылуы керек», - деді И. Оразақов.

Оның сөзіне қарағанда, бұл бағдарламаға қатысуға ниетті шағын және орта бизнес ұлттық компанияға өтінішін жолдауы тиіс.

«2017 жылдың 1 мамырынан бастап көрме толықтай қызметін бастайды. Біздің барлық операциялық жүйелерді апробациялау іске асырылады. Ағымдағы жылдың қазан-қарашасында қатысушы елдерге көрме павильондары тапсырылады. Әлем елдерінің өкілдері мен халықаралық ұйымдар Астанаға сапарларын бастады. Осы ретте олар қазіргі кезде қызметтік жұмыстар бойынша танысып жатыр», - деді И. Оразақов.

Дереккөз: inform.kz