Қазақстан екі елге астық жеткізуді қайта бастады

Қазақстан Иран мен Әзербайжанға астық жеткізуді қайта бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Былтыр қанша көлемде астық тасымалданды?

2024 жылдың қорытындысы бойынша 10,6 млн тонна астық тасымалданған, оның ішінде экспорт - 8,1 млн тонна.

Экспорт бағыттары қай елдер?

Экспорттық бағыттардың ішінде: Өзбекстан (3,3 млн тонна), Қытай (1,7 млн тонна). Тәжікстанға 1,2 млн тонна астық жеткізілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық. Қырғызстанға 140 мың тонна астық экспортталды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1,9 есе көп.

"Иран мен Әзербайжан нарықтары қалпына келтірілді. Иранға астық жеткізу көлемі 2 есеге (526 мың тонна), Әзербайжанға 1,8 есеге (211 мың тонна) өсті", - деп жазылған хабарламада.

2024 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін 5 млн тонна жаңа астық тасымалданды, бұл 2023 жылға қарағанда 50 пайызға артық. Экспорт көлемі 57 пайызға өсіп, 3,9 млн тоннаға жетті:

  • Өзбекстанға 1,5 млн тонна (өсім 45 пайыз);
  • Тәжікстанға 633 мың тонна (өсім 57 пайыз);
  • Ауғанстанға 190 мың тонна (өсім 51 пайыз);
  • Қытайға 592 мың тонна (өсім 2 пайыз) экспортталды;
  • Иранға жеткізілім 30 есе артып, 455 мың тонна болды;
  • Әзербайжанға 188 мың тонна экспортталды (2023 жылы қыркүйек-желтоқсан аралығында жеткізілмеді).

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!