Қазақстан дзюдо федерациясы спорт маусымын қорытындылады

Қазақстан дзюдо федерациясы спорт маусымын қорытындылады
Фото: Дзюдо федерациясы

Қазақстан дзюдо федерациясы 2023 жылғы спорт маусымын қорытындылап, үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен бапкерлерді, федерация мамандарын марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Федерация президенті Қуанышбек Есекеевтің жетекшілігімен өткен шараға ұйымның вице-президенттері, ұлттық құрама жаттықтырушылары мен спортшылары, Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрама командаларының бапкерлер құрамы мен спортшылар, ғылыми-кешенді топ өкілдері қатысқан болатын.

Дзюдодан биыл үздік нәтиже көрсеткен спортшылар қатарынан жазғы Азия ойындарының жүлдегерлері Абиба Абужақыноваға 5000$, Мағжан Шамшадин, Эсмигүл Куюлова, Абылайхан Жұбаназар, Нұрлыхан Шархан 3 мың АҚШ долларын табыстады. Сондай-ақ, жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері Жанарыс Рахметқали мен Талғат Орынбасар - 1500$, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері Нұрлан Исатаев - 1 000 000 тг, Балғабай Досбол - 400 000 тг, Сабина Юлдашбекова -  500 000 тг, Оралбек Байзақ - 400 000 тг, Берікбол Жұманбековке 400 000 тг мөлшеріндегі сертификат тапсырылды.
 
Бұдан бөлек, биылғы спорт маусымында жоғарғы нәтиже көрсеткені үшін Камила Берліқаш пен Ғалия Тынбаева, сондай-ақ бапкерлер құрамы, Нұрбол Сүлейменов пен Ерлан Алпысбаев бастаған Қазақстан ұлттық құрама командаларының бапкерлер қосыны,  Қазақстан жастар мен жасөспірімдер құрама командаларының аға жаттықтырушылары, ұлттық құраманың массажист, дәрігерлері,  федерация қызметкерлері де марапатқа ие болды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы