Қазақстан ДСҰ құрамына кірді

Қазақстан ДСҰ құрамына кірді
Фото: khabar.kz

Қазақстан ДСҰ құрамына кірді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

"Бүгін, 30 қарашада Қазақстан заңды түрде Дүниежүзілік сауда ұйымына толыққанды мүше болды", − деді Президент.

Назарбаев бұл жолғы Жолдауын әлемдік дағдарыс кезіндегі әрекеттерге арнады. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфирде таратылды.  

Еске сала кетейік, ДСҰ-ға мүше болуға өтінішті Қазақстан 1996 жылдың 29 қаңтарында берді. Ұйымға кірудің шарттары туралы келіссөздер 19 жылдан астам уақытқа созылды.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

С. Ерсін