Қазақстан денсаулық сақтау саласы бойынша 58-орында тұр

2022 жылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстан денсаулық сақтау деңгейі бойынша Numbeo рейтингіне сәйкес 96 ел арасынан 58-орында тұр, - деп хабарлайды Finprom.kz.

Қазақстанның денсаулық сақтау индексі (Health Care Index) 59,89 болған. Бұл индекс неғұрлым жоғары болса, денсаулық сақтау деңгейі соғұрлым жақсы дегенді білдіреді.

Денсаулық сақтау индексі - денсаулық сақтау жүйесінің жалпы сапасын бағалау, оның ішінде медицина қызметкерлері, жабдықтар, қызметкерлер, дәрігерлер, шығындар есептеледі. Ол Numbeo веб-сайтын қолданушыларының сауалнамалары негізінде жасалады. Бұл индексті жасау үшін (ол әрдайым жаңартылып отырады) кейінгі 36 айдағы деректер пайдаланылады. Жартыжылдық индекс жылына екі рет жаңартылады.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 86,04 индексімен Тайвань (ҚХР) көш бастап тұр. Денсаулық сақтау саласы бойынша үздік үш ел қатарына Оңтүстік Корея (83,04) мен Жапония (80,52) да кірген. Денсаулық сақтау саласы бойынша ең нашар индекс Мальтада, онда 38,24. Одан кейін Венесуэла (39,15) және Бангладеш (41,74) тұр.

ЕАЭО елдері арасында Ресей 59,86 индексімен 59-орында, Армения 55,74 индексімен 72-орында, ал Беларусь 46,14 индексімен 92-орында тұр.