Қазақстан бүкіл әлемдік банктен 27 миллион доллар грант алды: қаржы қайда жұмсалады?

Қазақстан бүкіл әлемдік банктен 27 миллион доллар грант алды: қаржы қайда жұмсалады?
Фото: depositphotos.com

Қазақстанға медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін 27 миллион доллар грант бөлінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Елімізде пандемия қорының гранты ресми түрде іске қосылды. Жоба Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Бүкіл әлемдік банк қолдауымен іске асады.

"Пандемия қорының қаражаты еліміздің эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздікті нығайту, ауруды ерте анықтау, сондай-ақ, медициналық персоналды оқыту саласындағы міндеттерді шешуге бағытталады", - деп жазылған хабарламада.

ДДСҰ-ның Қазақстандағы офисі бұл гранттың іске асырылуын үйлестіреді және Денсаулық сақтау министрлігіне техникалық қолдау көрсетеді.

"Қазақстан ДДСҰ Еуропалық өңірінің 36 мемлекеті ретінде тіркеліп, 3 жылға 19 миллион доллар грант және 27 миллион доллар мультигрант алды", - деп жазылған хабарламада.

Аяз Есен

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz