- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан бойынша республикалық...
Қазақстан бойынша республикалық маңызы бар жолдардың 43 учаскесі жабылды
Фото:
kz.qaj.kz
Қазақстанның сегіз облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 43 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметі хабарлауынша, жолдардың жабылуына қар аралас жаңбыр, көктайғақ себеп болған.
- Ақмола облысында 12 учаске;
- Жамбыл облысында 1 учаске;
- Жетісу облысында 1 учаске;
- Қарағанды облысында 5 учаске;
- Қостанай облысында 7 учаске;
- Павлодар облысында 2 учаске;
- Солтүстік Қазақстан облысында 13 учаске;
- Түркістан облысында 1 учаске;
- Ұлытау облысында 1 учаске.
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 687 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.
Кейінгі ақпаратты мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан