Қазақстан бойынша дәстүрлі «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтті

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы елордалық ІІД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясын өткізді.  Астана қаласының тұрғындарын  қабылдау «Астана-Байтерек» монументінің жанында, Арнайыландырылған халыққа қызмет көрсету орталығында, №1 автобус паркінде, Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарының ІІБ-ында, полицияның участкелік пунктерінде, ІІД ӘПБ ғимаратында жүргізілді. Бұл туралы nurotan.kz порталы хабарлады.

Іс-шара Мемлекет басшысы жолдауында алға қойған міндеттерге сәйкес, құқық бұзушылықтың алдын алу ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ құқықтық тәрбие және хабардарлықты жақсартуға қоғамдық және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кәмелетке толмаған құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру аясында өткізілді.

ІІД ӘПБ-ның және ЖПҚ-нің білікті қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша азаматтарды қабылдау жүргізді.  Сағат таңертеңгі 10.00-ден кешкі 18.00-ге дейін автоәуесқойлар жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша «Нұр Отан» партиясының өкілдеріне, тиісті орган жетекшілеріне тікелей сұрақтарын қоя алды.

- «Нұр Отан» партиясы Төрағасының департаменттер мен басқармалардың, мемлекеттің органдардың жұмысын айқындандыру бойынша тапсырмасын іске асыру аясында «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы мен Астана қаласы ІІД-нің соңғы 6 жыл бойы бірлесіп  атқарған жұмысы негізінде көшпелі қоғамдық қабылдаулар жақсы дәстүрге айналды, - деді Республикалық Қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Жұмажан Жүкенов.

«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары  Владислав Сергеевтің айтуынша, Елордада осындай іс-шараолар партия тарапынан жиі ұйымдастырылып отырады. Аталмыш шаралар тұрғындарды толғандырған мәселелелеріне лауазымды тұлғалалардан тікелей жауап ала алады дейді.

- Бұл жерде адамдар өз сұрақтарына татымды жауап және кеңес ала-алатын болғандықтан, өтініш білдіруші астаналықтардың саны артып келетіндігін бұған айқын мысал. Бүгінгі күні, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен осы секілді іс-шаралар көп өткізіледі. Қазірдің өзінде сайлау округтерінде азаматтарды қоғамдық қабылдау өткізілді. Біздің міндетіміз барлық мемлекеттік мекемелер мен мәслихат депутаттары халыққа мүмкіндігінше жақын болуын және адамдар өзекті мәселелерін білуін қамтамасыз ету болып табылады, - деді ол.

Азаматтарды қабылдау өткізілген жерлерде Астана қаласында заңмен тәртіптің сақталуының жай-күйі туралы зерттеу мен бағалауға бағытталған. Сондай-ақ және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің конституциялық құқықтар мен заңдылықтарды сақталуы бойынша сауалнама жүргізілгенін айта кету керек.