• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстан бойынша ауқымды операция жүргізілді: Asar Baspana ұйымдастырушылары ұсталды

Фото: Видео кадры

Қаржылық мониторинг агенттігі 8-10 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірінде кең ауқымды операция жүргізді. Осылайша қаржы пирамидасына қызметі әшкере болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

Тексеріс нәтижесінде тұтыну кооперативінің атын жамылған Asar Baspana қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылған. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын, сондай-ақ, тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, ас үй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына ай сайын салынған соманың 30 пайызына дейін пайда табуға уәде берген.

ҚМА пікірі

ҚМА мәліметінше, компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден аса сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 көлік тәркіленген.

"Қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысы ұсталып, оларға сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады. Соталды тергеу жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін қаржы пирамидасын басқарған күдікті Түркияға қашпақ болған жерінен ұсталды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget