Қазақстан банктері теңге салымының максималды көлемін тіркеді

Қазақстан банктері теңге салымының максималды көлемін тіркеді
Фото: tn.kz

Қазақстандық банктер теңгемен салынған жинақтардың максималды қоржынын тіркеді. Биылғы жылдың қыркүйек айындағы көрсеткіштердің қорытындысы бойынша, банктердегі жинақтардың жалпы көлемі 13,9 триллион теңге болды, ол өткен аймен салыстырғанда 1,2 триллионға жоғары, – деп хабарлады Tengrinews.kz.

Айта кетейік, Халық банктің салымдары айтарлықтай артқан - оның қоржыны 245,9 миллиард теңгеге өсіп, 2,20 триллионға жетті. Екінші орында Қазкоммерцбанк тұр - салым көлемі 190,7 миллиард теңгеге артып, 2,92 триллионға жетті. Банк нарықтық үлес салымы бойынша көшті бастап тұр - 21,4 пайыз. Көшбасындағы үштіктің қатарында Сбербанк бар, оның қоржыны 158,9 миллиард теңгеге артып, 1,20 триллионға жетті. Одан кейінгі орындар Цеснабанк пен АТФБанкте. 

Портал сарапшыларының мәліметінше, жалпы, қоржын өсімі бойынша ТОП-5 банктерді Қазақстандағы салым нарығының жартысынан көбі бақылап отыр немесе шамамен 60 пайызы. Сонымен қатар, ТОП-5 банктердің салым өсімі соңғы бірнеше айда байқалды және ол нарықтағы екіұштылықты жеңе алды.

М. Бисембаева