“Қазақстан балалары“ атты бағдарлама қабылдау ұсынылды

“Қазақстан балалары“ атты бағдарлама қабылдау ұсынылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан балалары" атты бағдарлама қабылдауды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жергілікті билік өкілдері мен қоғам белсенділері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу жұмысынан шет қалып отыр. Оның үстіне осы бағыттағы жұмыстар қазір әртүрлі құжатпен реттеледі. Шашыраңқы болып тұр бәрі. Соның бәрін бір жерге жинақтаған дұрыс деп ойлаймын. Осыған орай "Қазақстан балалары" атты біртұтас бағдарлама қабылдаған жөн. Озық ойлы ұрпақ өсіру үшін білім мен тәрбие әрдайым қатар жүруі керек. Ашығын айтсақ, бала оқыту ісінде бұған дейін білімге көбірек назар аударылды. Ал ұрпақ тәрбиесіне қатысты жүйелі ұстаным болған жоқ. Бұл салаға тиісті деңгейде көңіл бөлінбей келді. "Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы". Сондықтан біліммен қатар тәрбиеге айрықша назар аудару өте маңызды", - деді Президент.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың IV отырысы биыл Бурабайда өтіп жатыр. Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган.

Бұған дейін Ұлттық құрылтайдың үш отырысы өтті:

  • І Ұлттық құрылтай 2022 жылы Ұлытау облысында өтті.
  • ІІ Ұлттық құрылтай 2023 жылы Түркістан қаласында өтті.
  • ІІІ Ұлттық құрылтай 2024 жылы Атырауда өтті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!