- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан Азиядағы "ең...
Қазақстан Азиядағы "ең жалқау" ел атанды
Украина блогері белгілі бір елдегі орташа жұмыс аптасын салыстыра отырып, әр құрлықтағы ең еңбекқор және ең жалқау елдер туралы видео түсірді. Бұл туралы lada.kz жазды.
Ол Аустралия мен Океания сияқты ең еңбекқор емес елдерден бастаған, онда адамдар Австралияда аптасына 32 сағат және Жаңа Зеландияда 33 сағат жұмыс істейді.
Аптасына орташа 40 сағат жұмыс істейтін Еуропадағы ең ауыр жұмыс істейтін елдер Украина, Польша және Греция бсаналады. Бұл елдердің азаматтары аптасына орта есеппен 40 сағат жұмыс істейді. Ең аз еңбектенетін елдер 33 сағат жұмыс аптасы бар Германия мен Ұлыбритания, бірақ Германия Еуропадағы еңбек өнімділігі ең жоғары ел, сондықтан олар аз жұмыс істгенімен, бірақ жақсы нәтиже көрсетеді.
Солтүстік Америкада ең еңбекқор ел – Мексика. Бұл елде адамдар аптасына 45 сағат жұмыс істейді. Ең аз еңбектенетін ел АҚШ. Бұл елде адамдар – аптасына 34 сағат жұмыс істейді.
Колумбия мен Перу - Оңтүстік Америкадағы ең көп жұмыс істейтін елдер, онда адамдар аптасына орта есеппен 45 сағат жұмыс істейді. Ең аз еңбектенетін ел Бразилия мен аргентина. Бұл елдерде адамдар аптасына 39 сағат жұмыс істейді.
Азияда жұмыс аптасы орташа есеппен 36 сағатты құрайтын ең аз еңбекетенетін ел болып Қазақстан аталды, ал Бангладеш ең еңбекқор ел – аптасына 49 сағат.
Дүние жүзіндегі ең көп жұмыс істейтін құрлық – Африка, онда ең ұзақ жұмыс аптасы Египетте 53 сағат, Мавританияда 54 сағат.
Т. Раушанұлы