Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тегерандағы елшілікке мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР сыртқы істер министрлігі 2023 жылғы 27 қаңтарда Әзербайжан Республикасының Тегерандағы (Иран) елшілігіне жасалған қарулы шабуылды қатаң айыптайтынын мәлімдеді.
"Қазақстан дипломатиялық миссиялар мен оның өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық пен агрессия актілерінің кез келген көрінісі қабылданбайды деп есептейді. Мұндай шабуылдар халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзады және жалпыға бірдей айыпталуға жатады деп санаймыз. Әзербайжанның бауырлас халқына, сонымен бірге қаза тапқан Әзербайжан Республикасының азаматы Орхан Аскеровтың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуін тілейміз. Иран Ислам Республикасының билігі бұл оқиғаны мұқият тергеп, кінәлілерді жазалау үшін тиісті шаралар қолданатынына сенімдіміз", - делінген мәлімдемеде.
Еске салайық, 27 қаңтарда таңертең Тегерандағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалып, дипломатиялық миссияның қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты. Екі күзетші жараланды. Полиция шабуыл жасаған адамды ұстады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!