Қазақстан Әзербайжан мен Грузияға пияз сатпақ

Қазақстан Әзербайжан мен Грузияға пияз сатпақ
Фото: depositphotos.com

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстан Әзербайжан мен Грузияға пияз сатуды жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, кейінгі жылдары баға көтеріліп, шаруашылықтар пияз еге бастаған.

"Әлемде пияз бағасы төмендеп кетті. Өйткені экспорт та төмендеді. Алдыңғы жылдары 180 мың (тонна пиязды) экспортқа жіберсек, биыл 117 мың (тонна пиязды) экспортқа жібердік, 70 мың тоннаға төмендеді. Сондықтан баға төмендеп кетті. Бірақ бұған қарап отырған жоқпыз. Сауда және көлік министрліктерімен бірлесіп, жұмыс істеп жатырмыз", - деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан соң.

Ол еліміз артық пиязды шетелге экспорттауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

"160 мың тонна пиязды Грузия мен Әзербайжанға сатуымыз керек. Олармен келісімшарт бар. Бүгінде логистика бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді министр.

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz