- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан азаматы террористік...
Қазақстан азаматы террористік сипаттағы қылмысы үшін 26 жылға сотталды
2024 жылғы маусымда ҰҚК материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін Қазақстанның үш азаматы сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
3 және 7 маусымда Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен терроризмді насихаттау фактісі бойынша екі жергілікті тұрғынның әрбірі 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Олардың айналасындағылар арасында, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы радикалды діни материалдарды таратқаны анықталды.
11 маусымда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен осыған ұқсас қылмысы үшін түзету мекемесінде ұсталудағы елорда тұрғыны 6 жылға қосымша бас бостандығынан айырылды.
Айта кету керек, осы жылы ақпанда ол билікті басып алуға, террористік топты құруға және басқаруға, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында жалдауға, терроризмді насихаттауға және қаржыландыруға көпшілік алдында шақырғаны үшін 20 жылға сотталған.
Тергеу изоляторында болған кезде, ол заңсыз әрекеттерді тоқтатпады және камераластарына терроризм идеологиясын таратуға тырысқан.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан