Қазақстан азаматы Швециядан жеткен ерекше қорап үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылды

Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты халықаралық есірткі тасымалдау схемаға қатысы бар Қазақстан азаматына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сотталушы Швециядан 479 грамм аса ірі көлемде гашиш жеткізуді ұйымдастырып, оны құжаттар қорабына жасырған.  Есірткі бетбелгі жүйесі арқылы есірткіге тәуелді адамдар арасында одан әрі сақтауға және таратуға арналған.  

"Сотта мемлекеттік айыптаушы кінәні дәлелдейтін айғақтарды келтірді. Құқық қорғау органдарының жедел әрекеттерінің арқасында 500 дозадан астам есірткінің таралуын болдырмауға мүмкіндік туды. Сот процесі сотталушыны бірауыздан кінәлі деп таныған алқабилердің қатысуымен өтті. Сот оны 18 жылға бас бостандығынан айырды", - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз