Қазақстан азаматы Сеулде құрылыс алаңында қаза тапты

Қазақстан азаматы Сеулде құрылыс алаңында қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі Сеулдегі құрылыс алаңында болған жазатайым оқиға салдарынан Қазақстан азаматы қайтыс болғанын растады.

"Бұл оқиғаға байланысты Корея Республикасының тиісті органдары тергеу жұмыстарын бастады. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан ресми түрде Оңтүстік Кореяның Employment Permit System (EPS), яғни шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат беру жүйесіне қатысушы елдер қатарына енгізілді. 

Жаңа тетіктің басты ерекшелігі сол - жұмысшыларды іріктеу делдалдар арқылы емес, тек ресми жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!