Қазақстан азаматтарының жеке дерегін интернетте сатқандар анықталды

Биыл наурызда ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен Астана және Алматы қалаларында Қазақстан азаматтарының жеке дерегін заңсыз жинап, таратты деген күдіктілерді әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іске қатысушылар заңсыз жолмен алынған ақпаратты интернет желісінде сатып келген.

"Сатып алушылар қатарында микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ, жеке тұлғалар болған. Тінту барысында компьютерлік техника, электрон ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша және өзге де заттай дәлелдер тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!