Қазақстан азаматтарына ЕО визалық режимін жеңілдету: СІМ келіссөздің егжей-тегжейін айтты

Қазақстан азаматтарына ЕО визалық режимін жеңілдету: СІМ келіссөздің егжей-тегжейін айтты
Фото: Tengrinews.kz

Сыртқы істер министрлігі Еуропалық Одақ елдеріне қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздер қалай жүріп жатқанын және Қазақстан қандай негізгі шарттарды алға тартып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускаспен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселесін қозғап, ҚР азаматтары үшін ЕО елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші кезегін өткізу мәселесін талқылады.

Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бастапқы кезеңдері:

  • визаға өтінім берудің біріңғай құжаттар топтамасын енгізу;
  • консулдық алымдардың мөлшерін қысқарту;
  • өтінімдерді қарасудың мерзімін азайту;
  • көп мәртелік визалардың қолданыс мерзімін ұзарту.

Келіссөздердің нәтижесі бойынша, ҚР мен ЕО арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан