Қазақстан азаматтары Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстан азаматтары Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?
Фото: Астана әкімдігі

Тәуелсіздік күніне орай қалай демалатынымыз белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тәуелсіздік күні

Желтоқсанда қазақстандықтар үшін қосымша бір күн демалыс беріледі: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні.

2025 жылы бұл мереке сейсенбіге түседі, сондықтан аптаның ортасында қысқа үзіліс болады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін де Тәуелсіздік күніне орай демалыс беріледі.

Жаңа жыл

Айта кетейік, 31 желтоқсан жұмыс күні болып қала береді. Ал Жаңа жылдың басы дәстүрлі түрде демалыстан басталады. 

Midjourney

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері;
  • 1 және 2 қаңтар - мереке күндері;
  • 3 және 4 қаңтар - демалыс;
  • 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері;
  • 7 қаңтар - демалыс күні (Рождество).

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері;
  • 1 және 2 қаңтар - мереке күндері;
  • 3 қаңтар (сенбі) - жұмыс күні;
  • 4 қаңтар (жексенбі) - демалыс;
  • 5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері;
  • 7 қаңтар - демалыс күні (Рождество).

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget