Қазақстан азаматтары тағы бір елге тікелей ұша алады

Армениямен әуе қатынасы қайта ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көлік министрлігі мәліметінше, 18 сәуірден бері қазақстандық SCAT әуе компаниясы Boeing 737 әуе кемелерімен аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) Ақтау - Ереван бағыты бойынша тұрақты рейс орындай бастаған.

Сонымен қатар, 20 сәуірден бастап армениялық SHIRAK AVIA әуе компаниясы Астана - Ереван бағыты бойынша аптасына 1 рет (дүйсенбі күндері) тұрақты рейсті іске қосқан. Рейстер Boeing 737 әуе кемелерімен орындалады.

"Жаңа әуе рейстері ашылуы Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз