Қазақстан азаматтары Иран, Ливан және Израильде АЭС референдумына қатыспайды

Қазақстандағы референдум Иран, Израиль мен Ливанда болмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Күрделі әскери саяси жағдайға байланысты сондай-ақ Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сыртқы істер министрлігі Орталық референдум комиссиясымен бірлесіп, Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелерін қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады", – деп мәлім етті ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте.

Соңғы мәліметтер бойынша, Израильде консулдық есепте – 122 адам, Иранда – 102 адам, Ливанда – 139 адам Қазақстан азаматы, оның ішінде дипломанттар мен олардың отбасы мүшелері бар. Көптеген азамат консулдық есепте тұрмайды. ҚР Сыртқы істер министрлігінде және Израиль, Иран, Ливандағы шетелдік мекемелерінде жедел желілер ашылды. Бұл туралы ақпарат СІМ-нің және елшіліктердің ресми ресурстары мен әлеуметтік желілерінде жарияланады. 

Айта кетейік, Қазақстан АЭС референдума 6-қазан күні өтеді. 

Таяу Шығыстағы қақтығыс

2024 жылдың 1-қазан күні кешке Иран Израильге бірнеше жүздеген баллистикалық және қанатты зымырандар жіберді. Jerusalem Post мәліметі бойынша, олардың саны шамамен 500 болған. ABC News дерегі бойынша, екі рет 240-250 зымыраннан оқ атылған. Елдің барлық аумағында әуе дабылы жарияланды.

Шабуыл «Хамас» жетекшісі Исмаил Ханияның, «Хезболла» көшбасшысы Хасан Насралланың және Ливандағы Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Аббас Нильфрушанның өлтірілуіне жауап ретінде жасалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз