Қазақстан Айдын Айымбетовтың халықаралық ғарыш станциясына ұшуы үшін қыркүйек айында төлем жасайды. Бұл туралы "Роскосмос" басшысы Игорь Комаров Байқоңыр ғарыш айлағындағы баспасөз мәслихатында тілшілерге айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ұшуды қазақ тарапы өзіне алады. Біз ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпыз. ХҒС қатысушылары бұған келісті", - деп мәлімдеді Комаров бейсенбі күні.
Комаровтың айтуынша, Айымбетовқа арнайы киім мен ложементтер дайындалып жатыр және "барлығының өз мерзімінде болатынына ешқандай күмән жоқ".