- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан аймақтарында қайтадан...
Қазақстан аймақтарында қайтадан күн жылынады
“Қазгидромет” РМК ақпаратына сәйкес, күздің алғашқы айы аяқталуда, бірақ жазғы жылу Қазақстанның кейбір аудандарында сақталып тұр. Қазіргі таңда республиканың батыс өңірінде ауа температурасы +26-30 градусты көрсетіп отыр.
Синоптиктердің болжамынша, батыста жылы ауа райы алдағы үш күн бойы сақталады. Ал шығыстағы таулы аудандарда түнде жауын-шашынды, кей бөліктерде тұман түседі деп күтілуде. Сынап бағанасы 3-8º көрсетеді.
29 қыркүйек күні Алматыда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде сынап бағанасы +2-4 градусты, ал күндіз +11-13 градусты көрсетеді. Сәрсенбі, 30 қыркүйекте ауа температурасы +20 градусқа дейін, ал бейсенбіде +21 градусқа дейін көтеріледі.
Intellicast.com ақпаратына сүйенсек, жұма күні Алматыда +25, түнде +9 градус жылы болады.
Сенбі күні күндіз +26 градус, ал түнде +11 градус жылыны көрсетеді.
Ал жексенбі күні ауа райы қайта суыта бастайды: күндіз +24 градус болса, түнде +9 градус нөлден жоғары.
Дереккөз: NUR.KZ
Е. Жұмабайұлы