- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан аумағында заңсыз...
Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 7 шетелдік ұсталды
Фото:
polisia.kz
Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 7 шетелдік азамат Қарағанды облысында ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты ауылдардың бірінде полиция қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 7 көрші мемлекеттің азаматы анықталды.
Олардың барлығы ауылдардың біріндегі жылыжайда жұмыс істеген. Шетелдіктер Қазақстан аумағына кіру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта оларды елден шығару мәселесі қарастырылып жатыр.
Сонымен қатар шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны үшін оларға жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина