Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында Орталық Азия барысы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Орталық Азия барысын зерттеу және қорғау жөніндегі Халықаралық жоба аясында орнатылған фототұзақтардағы мәліметтерді тексеріп шықты.
"Қуанарлық жаңалық: 2024 жылғы 29 қазан мен 21 желтоқсан аралығында фототұзақтарға барыс төрт рет түсіп, қорық аумағына қайта оралғаны анықталды!" - деп жазылған хабарламада.
Бұл мәліметтер Үстірт қорығының осы ерекше және жойылып бара жатқан түрдің табиғи ортасы ретінде маңызды рөл атқаратынын дәлелдейді.
"Орталық Азия барысының қайта оралуы - Үстірт экожүйесінің қалпына келуінің символы әрі біз жүргізген бірлескен күш-жігердің нәтижесі", - дейді қорық қызметкерлері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!