Қазақстан аумағында бағалы металдарды заңсыз сатқан бір топ адам ұсталды

Көлік полицейлері бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан бір топ адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көліктегі полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Нәтижесінде Қазақстан аумағында ұзақ уақыт бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан бір топ адамның әрекетін әшкереледі.

ҚР Қылмыстық кодексінің 295-1 бабы 3-бөлігімен, яғни "Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!