Қазақстан аумағында аса ірі алаяқтық жасады деген күдіктілер ұсталды

Шымкентте ІІМ Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері Алматы және Түркістан облысының полицейлерімен, сондай-ақ Ұлттық ұлан арнайы бөлімшесінің қызметкерлерімен арнайы операция жүргізу кезінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдіктілер тобын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, алаяқтар алдау және сенімге кіру жолымен астаналық кәсіпкерден қарызға 120 мың доллар алған.

Бірнеше күннен кейін жәбірленуші өзінің қарызын алуға қоңырау шалғанда ақша алғандар ешкімнен ақша алмағандарын айтып, дөрекі сөйлескен.

Күдіктілер қамалды. Ұсталғандардың бұрын жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеру жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!