Қазақстан аумағында алғашқы адам миллион жыл бұрын тіршілік еткен - ғалым

Қазақстан аумағында алғашқы адам шамамен бір миллион жыл бұрын тіршілік еткен. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Жәкен Таймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аltaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін қазақстандық археологтар Қазақстан аумағында алғашқы адам шамамен 350 мың жыл бұрын тіршілік еткенін мәлімдеген еді. Жәкен Таймағамбетовтің басқа елдердің археологтарымен бірлесіп жүргізген зерттеулері нәтижесінде ежелгі адамдар бұл аумақты әлдеқайда ертерек өмір сүргені дәлелденген.

"Қазақстанның төрт аймағынан (Қаратау жотасы, Маңғышлақ, Солтүстік Балқаш және Мұғалжар) Африка аумағында табылған ежелгі құралдарға өте жақын тас еңбек құралдарын таптық және барлығы миллион жыл бұрын пайда болды деген қорытындыға келдік", - деді ғалым.

Оның айтуынша, 510 мың жылдық жалғыз тұрақ Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, онда тоғыз метр тереңдікте мүйізтұмсық, бизон, түйеқұс жұмыртқасының қабығы мен тас құралдары табылған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!