Қазақстан аумағында алдағы демалыс күндері қар жауады

Қазақстан аумағында алдағы демалыс күндері қар жауады
Фото: urinseta.xpg.uol.com

5-7 желтоқсан күндері Қазақстан аумағында қатты жел мен қар күтіледі.

"Каспий теңізінің оңтүстігінде пайда болған циклон Қазақстан аумағында үлкен жылдамдықпен таралады. Соның салдарынан елдің солтүстік аудандарында қар жауып, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады. Ал оңтүстік облыстарда жаңбыр жауып, оның арты қарға ұласады. Сонымен қатар көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетуі мүмкін. Температура төмендейді, дегенмен нормадан 2-5 градусқа жоғары болады", − дейді синоптиктер.

Дереккөз:  Tengrinews.kz 

С. Ерсін