Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын автомобиль және темір жол көлігімен әкетуге салынған тыйым алты айға ұзартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Үкіметте вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды.
"Бұл шара сұйытылған газды отын ретінде пайдаланатын көлік саны өсуін және оның әлеуметтік маңызын ескеріп, ішкі сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбедегі жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болғаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова