Қазақстан астанасының атауын өзгерту туралы Жарлық күшіне енді

Қазақстан астанасының атауын өзгерту туралы Жарлық күшіне енді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел астанасын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгерту туралы Жарлығы дүйсенбі, 19 қыркүйекте ресми "Казахстанская правда" газетінде жарияланып, күшіне енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тоқаев сенбі, 17 қыркүйекте "Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласын Астана қаласы - Қазақстан Республикасының астанасы деп қайта атау туралы" Жарлыққа қол қойды. Жарлықтың мәтінінде оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілгені атап өтілген.

Сонымен қатар, дүйсенбіде ресми баспасөзде 17 қыркүйекте Тоқаев қол қойған және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енетін конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жарияланады. Түзетулердің бірінде Қазақстанның астанасы Астана қаласы болғаны да бекітілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова