- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан астанасын Түркістанға...
Қазақстан астанасын Түркістанға көшіру туралы шешім қабылданғаны рас па?
WhatsApp-та елорданы Түркістанға көшіру туралы бейнеролик тарап жатыр. Бұл идеяны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған, ал Парламент депутаттары оны бірауыздан қолдаған. Бас қаланы ауыстыру туралы ресми түрде 2024 жылғы қаңтарда жарияланады екен. Алайда бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президенттің ресми сайтында елорданы Түркістанға көшіру туралы ақпарат жоқ.
Сондай-ақ, Парламенттің сайтында астананы көшіру туралы "тарихи шешім", "қызу талқылау" және "бірауыздан қолдау" туралы хабарламалар жоқ.
Еліміздің бас қаласын Астанадан Түркістанға көшіру туралы қауесет бұрыннан таралып жатыр.
Алайда 2020 жылы Нұрсұлтан Назарбаев олардың мүлдем негізсіз екенін және мұндай шешім қабылданбағанын айтқан болатын. 2022 жылы Қазақстан астанасын Түркістанға ғана емес, Қостанайға да көшіру туралы ақпарат тараған. Ол - фейк ақпарат.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек