- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстан аса ауыр...
Қазақстан аса ауыр қылмыс жасаған екі адамды Түркиядан қайтарып алды
Фото:
видеодан кадр
Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған.
"Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан аса тергеу органдарынан жасырынған. 28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау шарлары жүргізілді, екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова