"Қазақстан аруы-2016" қатысушылары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Конкурсқа финалға шыққан 25 ару қатысады, олардың ішінде ең жасы 17-де. Кешті тележүргізуші Динара Сәтжан пен опера әншісі Сүндет Байғожин жүргізеді.
"Қазақстан аруы-2016" қатысушылары: "Ақтау аруы" Балкия Сазанова, "Ақтөбе аруы" Дания Кулярканова, "Алматы аруы" Гүлжан Дәулетова, Далида Наукенова (Алматы), "Астана аруы" Ельназ Нұрсейітова, Бегайым Жорабекова (Астана), Екатерина Подгородецкая (Астана), "Атырау аруы" Ақкүміс Елемесова, "Қарағанды аруы" Мария Пятина, "Қостанай аруы" Кристиана Шлиммер, Айтгүл Нұрманова (Қостанай), "Қызылорда аруы" Гүлбану Әзімханова, "Павлодар аруы" Айзат Кожабаева, "Петропавл аруы" Екатерина Цыганова, "Семей аруы" Данара Бекмұрзаева, "Талдықорған аруы" Аруна Сағатбекова, "Тараз аруы" Қымбат Бертай, "Орал аруы" Айнұр Шаймарданова, "Өскемен аруы" Анастасия Усольцева, "Шымкент аруы" Бекжігіт Тоғжан, "Түркістан аруы" Зарина Загидуллина, "Instagram аруы" финалистері - Сандина Бисен, Айман Незенғалиева және Жанзира Кәрібаева.
"Биыл "Қазақстан аруында" тұңғыш рет дарындар шоуы өтеді. Үздік үш нөмір тікелей эфир кезінде көрсетіледі. Биыл жүлде қоры 5 миллион теңге, былтыр да солай болған", - деді тілшілерге конкурстың директоры Алена Ривлина-Кырбасова.
Ұлттық қазылар алқасы конкурстың бес финалисін таңдайды. Жеңімпаз болса sms-дауыс беру арқылы анықталады. Биыл конкурс 20 жылдығын атап өтеді.
"Қазақстан аруы-2016" финалы 10 желтоқсанда Астанада, Бейбітшілік және Келісім сарайында өтеді. Көкшетауды есептемегенде, барлық қаладан қыздар қатысып отыр. Бұл қаланың намысын қорғау керек болған Жанара Найманбаева жұмысына байланысты келе алмады. 2016 жылғы финалистердің ресми фотосессиясы өтті. Алда олар әлеуметтік акцияларға қатысады, балалар үйіне барады, сондай-ақ басқа да шараларға қатысады деп жоспарланған.
Дереккөз: tengrinews.kz