"Қазақстан Аруы - 2000" байқауына қатысқан актриса өлі табылды

"Қазақстан Аруы - 2000" байқауына қатысқан актриса Наталия Стешенко (Семаго) Мәскеуде өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресейлік БАҚ-тардағы мәлімет бойынша, 37 жастағы актриса 28 қарашада Мәскеудегі пәтерінен табылған. Көршілері жедел жәрдем шақырған. Бірақ актриса жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кеткен. 

Наталия Стешенконың денесінен зорлық белгілері табылмаған. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады. 

Наталия Стешенко Павлодарда туған. 2000 жылы "Қазақстан Аруы" байқауына қатысқан. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!