Қазақстан армиясында жаңа бөлімше құрылды

Қазақстан армиясында жаңа бөлімше құрылды
Фото: depositphotos.com

Қорғаныс министрлігі жасанды интеллектті енгізу жөніндегі мамандандырылған бөлімше құрды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жаңа құрылым Қарулы күштердің цифрлық трансформациясының негізгі элементі болмақ.

"Бөлімшенің негізгі міндеті - деректерді талдау, басқаруды автоматтандыру, жедел сценарийлерді модельдеу, қазіргі әскери жағдайда басқару шешімдерін қабылдау жылдамдығын арттыру үшін жасанды интелект шешімдерін әзірлеу және енгізу", - деп жазылған хабарламада.

gov.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget