- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақстан армиясына түбегейлі...
"Қазақстан армиясына түбегейлі өзгеріс керек". Әскери сарапшы Қорғаныс министріне өз еркімен қызметінен кетуге кеңес берді
Әскери сарапшы, отставкадағы полковник Ермек Сейітбатталов "Bilgen durys" каналына берген сұхбатында Қазақстан армиясына түбегейлі өзгеріс керегін айтып, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа өз еркімен қызметінен кетуге кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әскери сарапшы Қазақстан армиясына терең реформа керегін айтты.
"Қазіргі әскери жағдайды қатардағы офицерлер мен генералдар есеп берсін. Менің пайымдауынша, бүгінгі заманның талабына сай емес. Мен өте терең әскери реформа керек деп көп жерде айтып жүрмін. 32 жылдағы 13 министрдің 30%-ы азаматтар, олардың әскери дайындықтан, әскери білімнен және әскери тәжірибеден хабары жоқ. 13 министрдің 9-ы - "профильді емес" министрлер. Ал олардың болған уақытына қарасақ, 32 жылдың ішінде 6,5 жыл ғана кәсіби әскери министрлер болған. Сонда 20% ғана әскерилер болған. Көп жетіспеушілікті байқаймыз. Енді бүгінгі заманда біздің қауіпсіздігімізді дамып жатқан елдер сияқты сұрауға келмейді. Себебі олардың ондай ұғымы, даярлығы жоқ.
Өзгерісті кадрдан бастау керек. Ал ол кадрды басшылық тағайындайды. Қорғаныс министрінің кабинетінде отыратын адам әскери қорғаныс, ұлттық қаіпсіздігін түгелдей біліп отыратын, даярланған маман болуы керек", - дейді ол.
Ермек Сейітбатталов қазіргі Қорғаныс министрінің орны Ішкі істер министрілігінде деп ойлайтынын жасырмады.
"Қазіргі Қорғаныс министріне кеңес айтқаным дұрыс болмайды. Десе де, ол кісі рапорт жазып, басқа жұмысқа кету керек деп ойлаймын. Мысалы, Ішкі істер министрлігіне баруға болады. Себебі оның даярлығы, білімі сондай. Оның бірінші базалық білімі - әскери білім. Ол бір барлау полкінің бастығы, штаб бастығының орынбасары болды. Одан кейін академия бітірді де, өз еркімен Ішкі істер министірлігіне кетті. Сол жақта өсіп, бригада, генерал, қолбасшы, генерал лейтенант, бас қолбасшы, содан соң министрдің орынбасары болды. Бірақ осы аралықта ол Ресейдегі генералды штабтың академиясын бітірді. Бұл кісіде әскери білім қағазда ғана қалды. Ал тәжірибесі - Ішкі істер министрлігі. Бұл кісі Ішкі істер министрлігінде өз орнында болар еді. Министр болса да, ол өз орнында болар еді", - деп қорытындылады Ермек Сейітбатталов.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова